Астанада 70-тен астам велосипед ұрлаған баукеспелер ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада полиция қызметкерлері велосипед ұрлаумен айналысқан жеті адамды құрықтады. Бұл туралы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарланды.
«Ұсталғандар велосипедтерді тұрғын үйлердің кіреберісінен, дүкендер маңдарынан ұрлап отырғанын мойындайды. Осылайша, олар жаз басынан бері 70-тен астам велоcипедті ұрлап, кейіннен оларды арзан бағаға сатып отырған», - делінген баспасөз баянында. Велосипедтің бір бөлігі иелеріне қайтарылған.Ұрлық бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүруде. Ұсталғандардың осындай өзге қылмыстарға қатыстылығы да тексерілуде.