Астанада 8 наурыз қарсаңында азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
АСТАНА. KAZINFORM — Халықаралық әйелдер күніне орай, 7 және 8 наурыз күндері елордада азық-түлік жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңкеде Қазақстанның әр өңірінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады.
Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдері, бәліштер, пісірілген нан-тоқаштар, табиғи шырындар, джемдер және тағы басқа өнімдерді арзан бағада сатып ала алады.
Сонымен қатар, 8 наурыз қарсаңында жәрмеңкеде гүл өнімдері сатылымға шығады — келушілер жаңа шыққан гүлдер мен мерекелік гүл шоқтарын ала алады.
Іс-шара 7 және 8 наурыз күндері сағат 10:00–ден 19:00–ге дейін «Keryen Joly» сауда орталығында (Алаш тасжолы, 35Б) өтеді. Қонақтардың ыңғайлығы үшін жәрмеңке орындарының жанында № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 автобус маршруттары жүреді.
Бұдан бұрын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Астана Жастары» жастар ресурстық орталығы «Жанымда жүр жақсы адам...» атты фотобайқау өткізуді қолға алғанын жазғанбыз.