Астанада 85 жылдан кейін алғаш рет шығып отырған Қаныш Сәтбаевтың «Алгебра» оқулығы таныстырылды

АСТАНА. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті, отандық металлогения мектебінің негізін қалаушы, белгілі қоғам қайраткері, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 110 жыл толуына арналған
None
None
«Қаныш Сәтбаев: ғылым мен мәдениеттің үйлесімділігі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция аясында ғалымның 1924 жылы жазған «Алгебра» оқулығының таныстырылымы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қаныш Сәтбаев атындағы Халықаралық қордың жетекшісі, қоғам қайраткері, белгілі ақын Кәкімбек Салықовтың айтуынша, Қаныш Сәтбаев аталған еңбекті Орынбор қаласында оқып жүрген кезде жазған. «Сол кезде 4-ші курстың студенті Қаныш Сәтбаев «Алгебра» оқулығының қолжазбасын комиссияның қарауына берген. Ал осы комиссияның құрамында Ахмет Байтұрсынұлы болды. Ахаң сол кезде Қаныш Сәтбаевтың бұл бастамасын қуана қолдап, жас ғалымның еңбегін бастыруды ұйғарған. Тіпті, осы еңбегі үшін Қаныш Сәтбаевқа қаламақы алып берген», - дейді К.Салықов. «Алгебра» оқулығын баспаға даярлаған белгілі математик-ғалым Мұхтарбай Өтелбаевтың сөзіне қарағанда, Қаныш Сәтбаевтың бұл еңбегі араб қарпіндегі төте жазумен жазылған. Одан кейін латын әрпіне, бертін келе кириллицаға түсірілді. Бірақ Кеңес жүйесінің қыспағынан жарық көрмеген. «Соңғы бес жылдың ішінде біз аталған еңбекті баспаға даярлап, шығарып отырмыз», - дейді ғалым.
Соңғы жаңалықтар