Астанада 9 ПИК сотқа тартылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімдігі 200-ден астам пәтер иелері кооперативтерінің жұмысын тексерді. Олардың ішінде ескерту жасалғандары үйдің шатырын, кіреберістерін, қасбетін фасадын жөндеу жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ жоспарлы техникалық байқау жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.
None
None

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы ПИК жұмысын тексеруді жалғастырып жатыр.

Астана әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасымен мамыр айынан бері тұрғындардың ПИК жұмысына қатысты шағымдары бойынша 207-сі (жалпы, қалада 486 ПИК тіркелген) тексерілді. 

Тексеру қорытындылары бойынша анықталған кемшіліктерді жою үшін 216 ескерту жасалды. Олардың орындалуын мамандар қатаң қадағалап отыр.

Тексерушілер тұрғын үйлер шатырының жаңбырдан кейінгі ахуалына, инженерлік желілердің, жертөлелердің жағдайына, жылу маусымына дайындық кестесінің орындалуы, тұрғын үй қоры, дезинфекциялық және дератизациялық шаралардың жүргізілуі сияқтыларға ерекше мән беріп жатыр.

Ескертулердің орындалуын бақылау шараларының қорытындысы бойынша мыналар анықталды:

- «Родной дом» ПИК, «Империя Комфорта КЗ» ПИК, «Студенттер» ПИК, «Жеңіс» ПИК, «Жазира» ПИК, «Мечта» ПИК, «Землеустроитель» ПИК, «Бригантина» ПИК, «Целинный железнодорожник» ПИК, «Кристал» ЖК және «Қарлығаш» пәтер иелері кооперативінде кірер топты жөндеу жұмыстары жүргізілген;

- «Империя комфорта КЗ» ПИК, «Студенттер» ПИК, «Жеңіс» ПИК, «Тұрмыс» ЖШС, «Гранд Астана Сервис» ЖШС, «Ескендір» ПИК, «Шар Комфорт» ЖШС, «Құрмет 2000», «Батыр КСВ» ЖШС, «Первомайский» ПИК, «Тархан шаңырақ» пәтер иелері кооперативінде фасад жөндеу жұмыстары ішінара жүргізілген, жұмыстар жалғасып жатыр;

- «Саттілік» ЖШС, «Апогей» ЖШС, «Ескендір» ПИК, «Евроуют» ПИК, «Мечта» ПИК, «Түркістан» ПИК, «Көктем» ТК ОЗП, «Адал» ПИК, «Сайран» ТК ОЗП, «Кристалл» ПК, «Гренада» пәтер иелері кооперативінде шатырды жөндеу жұмыстары жүргізілген;

- «Тұрмыс» ЖШС, «Кристал» ПК және «Зодиак» пәтер иелері кооперативінде кіреберістер мен жертөлелер жөнделген;

- 60-тан астам қызмет көрсету ұйымында құрылымдар (конструкциялар) мен инженерлік қондырғылардың техникалық жағдайын жоспарлы байқау жұмыстары жүргізілгені туралы растау құжаттары көрсетілді;

- «Марс 1» пәтер иелері кооперативінде инженерлік желілер алмастырылған;

- «Батыр КСВ» ЖШС, тағы басқаларда жинақтау есептері ашылған.

51 қызмет көрсету ұйымы берілген ескертпелерді орындап жатыр.

Бұдан тыс, тексеру кезінде, 9 ұйым берілген ескертпелер бойынша кемшіліктерді жоймағаны анықталды. Оларға қатысты сот органдарына жіберілетін материалдар әзірленіп жатыр.

Айта кетейік, Астана қалалық ортаның сапасы және бақылау басқармасы тексерулерден тыс, күн сайын iKomek порталы арқылы түскен шағымдарды қарау бойынша жедел жұмыстар жүргізеді. Бүгінгі таңда қызмет көрсету ұйымдарының 99%-ы электронды жүйеге қосылған. Бұл қызмет көрсету сапасын жақсартуға, ұйымдардың тұрғындар алдындағы ашықтығын арттыруға септігін тигізеді.

Еске сала кетейік, кез келген тұрғын пәтер иелері кооперативінің қызмет көрсету сапасы немесе қызмет көрсету ұйымдарының қызметін жақсарту ұсыныстарын енгізу мәселелері бойынша тікелей ұйымның өзіне жүгіне алады. Егер ПИК тұрғындардың өтінішіне жауап қайырмаса, «Астана қалалық ортаның сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жазбаша немесе электронды түрде жүгінуге болады. Басқарма Достық көшесі, 13-үйде орналасқан.

Тел.: 8 (7172) 55 75 39, 8 (7172) 55 75 26.

Сондай-ақ, «109»  нөмірі арқылы iKomek порталына хабарласуға болады.

Соңғы жаңалықтар