Астанада 9 рейс кешіктірілді: Әуежайдағы жолаушылар әнмен көңіл көтерді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Нұрсұлтан Назарбаев» Халықаралық әуежайында өз рейстерін бірнеше сағаттан бері күтіп отырған жолаушылар концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Instagram-дағы пабликтердің бірінде жолаушылардың ән салып, көңіл көтерген видеосы жарияланды.
«Әуежайдағы жолаушылар ауа райының ашылуын ән айтып күтуде. Боранға байланысты рейстер сағат сайын кешіктіріліп жатыр. Адамдар 9 сағаттан астам тосып отыр», - делінген жазбада.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратына сәйкес, 23 наурыз күнгі ауа райына байланысты астана әуежайында 9 рейс кешіктіріліп, тағы 6-ауына ұшуға рұқсат берілмеді.
Атап айтқанда, кешіктірілгендері:
· КС7056 Алматыға 15:20-дан 00:45-ке дейін;
· HY722 Ташкентке 17:00-ден 00:00-ге дейін;
· КС956 Алматыға 17:45-тен 00:10-ға дейін;
· КС313 Актауға 18:15-тен 01:30-ға дейін;
· IQ427 Шымкентке 18:25-тен 03:00-ға дейін;
· КС954 Алматыға 18:55-тен 01:00-ге дейін;
· КС996 Алматыға 20:30-дан 01:20-ға дейін;
· КС992 Алматыға 21:30-дан 01:40-ға дейін;
· КС856 Алматыға 22:35-тен 00:00-ге дейін.
Орындалуына рұқсат берілмеген рейстер:
· Qazaq Air 389 Жезқазған;
· Fly Arystan 7327 Шымкент;
· Scat 716 Шымкент;
· Scat 721 Ақтөбе;
· Qazaq Air 351 Алматы;
· Scat 702 Шымкент.
Еске салайық, «Нұрсұлтан Назарбаев» Халықаралық әуежайының ұшып-қону алаңын қардан тазарту жұмыстарының созылуына байланысты әуежайдың қызметі сағат 03.00-ге дейін тоқтатылды.
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы қар тазалау жұмыстарын жүргізу үшін алдымен, сағат 16:30-20:00 аралығында жабылды. Кейіннен бұл мерзім сағат 00.00-ге дейін ұзартылды.
Бүгін елордада қалың қар жауып, боран соқты. Оның үстіне солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге, оқтын-оқтын 15-20 метрге дейін жетеді.
Қаладан шығатын барлық бағыттағы жол жабылды. «Рубеж» бекеттерінде 164 көлік тоқтап тұр.