Астанада адам өліміне себепкер болған жүргізуші іздестірілуде
АСТАНА. 17 маусым. ҚазАқпарат - Астана қалалық ІІД жол полициясы басқармасы жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізушіні іздестіруде.
16 маусым күні түнгі сағат 00.10-де Қарағанды тас жолында Айнакөл көшесінен Б.Момышұлы даңғылына қарай бет алған белгісіз көліктің жүргізушісі №20 үйге қарама-қарсы («Чикаго» караоке-бары) жерде жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жапа шегуші алған жарақаттардан оқиға орнында қаза тапты.
ІІД жол полициясы басқармасы бұл келеңсіз жағдайға куә болғандардың 53-22-46 (Астана қалалық ІІД ЖПБ іздестіру бөлімі), 53-22-53 сенім телефоны арқылы ( тәулік бойы) хабарласуын өтінеді.