Астанада адасып кеткен балалар ата-анасына қайтарылды - ІІД

«Студенттік паркте учаскелік инспектор кішкентай үш баланың жүргенін байқап қалған. Екі қыз бала төрт жаста, ал ұл бала бес жаста екен. Ол жерде балалар ата-анасының қарауынсыз болды»,-деп нақтылады С. Қылышбекова.
Анықталғандай, балалар өздерінің үйлерінің ауласында ойнап жүрген, кейіннен ата-анасының рұқсатынсыз өз еріктерімен саябаққа кетіп қалған екен.
«Балалар кеше 20:30 кезінде табылды. Полицияға сол төңіректе жүрген адамдар кешқұрым уақытта саябақта балалар ата-анасының қарауынсыз ойнап жүргенін хабарлады. Осы ақпараттан кейін саябаққа біздің учаскелік қызметкер барып, балаларды полиция бөлімшесіне жеткізді. Содан кейін балалар ата-аналарына тапсырылып, олармен тиісті түсіндіру шаралары жүргізілді»,-деді С. Қылышбекова.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде адасып кеткен балалардың фотосуреті таратылып, олардың ата-анасы іздестіріліп жатқаны хабарланған еді.