Астанада ағаштардың түбіне темір тор орнатыла бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ағаштардың түбіне темір  торлар орнатыла бастады. Бұл жайлы Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

Астанада ағаштардың түбіне темір тор орнатыла бастады

«Әлемнің көптеген қалаларын аралай жүріп, ағаш түбіне орнатылған темір торларды байқаған боларсыздар. Бұлар қала көшелерін, скверлерді, алаңдарды және саябақтарды көркейтуге пайдаланылады. Темір торлар өсімдіктерді қорғау үшін ғана емес, жаяу жүргіншілер жолының жайлылығы үшін де қажет. Жолдың тротуар плиткалары немесе асфальт төселінген жерлерінде құрыш торлардың төселуі ағаш және бұтақ тамырларының ыңғайлы суғарылуын қамтамасыз етіп, бір жағынан жаяу жүргіншілер жолын кеңейтеді», - деді қала әкімі. 

null