Астанада Аи-92 бензині 39, дизель отыны 39 күнге жетеді

АСТАНА. KAZINFORM – Елорданы жанармаймен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты. Бұл туралы Астана тұрғындарымен есеп беру кездесуінде Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс атқарылған жұмыстардың негізгі нәтижелері мен басымдықтары туралы айтты.

Астанада Аи-92 бензині 39 күнге, дизель отыны 39 күнге жетеді
Фото: Freepik

Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс елорда тұрғындарымен есептік кездесу өткізіп, энергетика, газдандыру және жанар-жағармаймен қамтамасыз ету салаларындағы негізгі нәтижелер мен басымдықтарды таныстырды.

Өз сөзінде Вице-министр министрліктің басты күш-жігері мұнай-газ және энергетика кешенін дамытуға, тұрақты жылу және электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ газдандыру мен халықты мұнай өнімдері және сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету жобаларын іске асыруға бағытталғанын атап өтті.

— Қалада жанар-жағармай қоры жеткілікті. Аи-92 бензині — 39 күнге, дизель отыны — 39 күнге жетеді, — делінген министрлік хабарламасында. 

Министрлік әкімдік пен монополияға қарсы органдармен бірлесе отырып, баға мен логистика бойынша тұрақты мониторинг жүргізеді. Ішкі нарықты тұрақтандыру мақсатында кейбір мұнай өнімдерін сыртқа шығаруға тыйым салынған.

Астанада сұйытылған газдың бөлшек саудадағы бағасы — литріне 102 теңге. Қалада 6 газ толтыру станциясы және 73 автомобильге арналған газ құю бекеті жұмыс істейді.

Айта кетелік Қазақстанда бензин мен дизельге акциздің жаңа мөлшерлемесі бекітілді

 

Соңғы жаңалықтар