Астанада «AIALA» экофестивалі басталды

Астана
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Халықаралық балаларды қорғау күнінде елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-тың ұйымдастыруымен «AIALA» арт-экофестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. 

Балалар мен жастардың арасында экология тақырыбындағы шығармашылық бастамаларды қолдауды мақсат еткен дәстүрлі фестивальде 8, 9, 10 сынып оқушылары арасындағы республикалық байқау жеңімпаздары марапатталды. Ұйымдастырушылар байқауға барлық өңірден 250-ден астам өтініш түскенін айтады.

6 бағыт бойынша ақтық сайысқа шақырылған 36 үміткердің ішінен үздік шыққан 6 жеңімпазға «Халық» қайырымдылық қорының атынан 1 млн теңгеден сыйақы берілді. 

Астана
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Астана
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

«AIALA» арт-экофестивалі 3 күн бойы өтеді. Іс-шара аясында балаларға кескіндеме, макулатураның көмегімен өнер нысандарын құру, қаржылық сауаттылық және киіз басу сынды бағыттарда шеберлік сағаттары өткізіледі.

Экологиялық фестивальді Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ұйымдастырғанын айта кету керек. 

Соңғы жаңалықтар