13:12, 12 Қазан 2012 | GMT +5
Астанада Ақмола облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Астанада 13-14 қазан күндері Ақмола облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.

Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
Жәрмеңкеде жалпы құны 145 млн. теңгенің ет, сүт, жеміс, көкөніс және басқа ауылшаруашылық өнімдері ұсынылатын болады.
Сонымен қатар, келушілерге кондитерлік өнімдер, бал, жидек қайнатпалары, қол өнер шеберлерінің тауарлары да ұсынылатын болады.
Астана қалалық Кәсіпкерлік басқармасының ақпаратынша делегацияны облыс әкімі Қайрат Қожамжаров бастап келеді.