Астанада ақпан айында 400-ден астам заңды тұлға тіркелді

Бұл туралы Астана қаласының Статистика департаментіне сілтеме жасап astana.kz сайты хабарлады.
«Биылғы ақпан айында 435 кәсіпорын мен ұйым тіркеліп, 24-і жойылды. Тіркелген субъектілердің негізі Алматы (48,3%) және Сарыарқа аудандарында (32,6%) орналасқан. Есіл ауданының үлесі 19,1%-ды құрайды»,- деп хабарлады ведомстводан.
Жаңа заңды тұлғалардың 415-і жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде тіркелген. Сонымен қатар, тіркелген кәсіпорындардың ішінде 13-і қоғамдық бірлестік пен қор, 3-еуі тұтыну кооперативі, 3-еуі мемлекеттік кәсіпорын мен мекеме, 1-еуі акционерлік қоғам болып табылады.
Жойылғандардың 20-сы - ЖШС, екеуі - АҚ, біреуі - МК, біреуі - қоғамдық қор болып табылады.
Ақпан айында тіркелген заңды тұлға басшыларының 306-сы ер адам. 129-ы әйел адам.