Астанада алдағы демалыс күндері жауын-шашынды болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада алдағы үш күн жаңбырлы болады және ауа температурасы төмендейді деп күтілуде .
None
None

«Қазгидромет орталығының» хабарлауынша, 14 шілде елордада күн құбылмалы, найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік, солтүстік-шығыстан секундына 9-14 м жылдамдықпен жел еседі. Түнде ауа температурасы +9+11°С, күндіз +19+21°С.

15 шілде күн құбылмалы болады деп болжануда. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыс, батыстан секундына 9-14 м жел соғады. Термометр көрсеткіші түнде +9+11 С төмендейді, ал күндіз +21+23 С болады.

Осындай ауа райы 16 шілде күні де сақталады. Күндіз күн құбылмалы, әр уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ болуы ықтимал. Батыстан 9-14 м/с. жел еседі. Ауа температурасы түнде +11+13 С, күндіз +22+24 С жылы болады.

 

Соңғы жаңалықтар