Астанада әлемдік атом энергетикасының үздік өнімдері көрмеге қойылды

АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Көрме» орталығында «Kazatomexpo» және «Power and Lighting» көрмелерінің біріктірілген экспозициясы ашылды.
None
None

Көрмеге атом және энергетика саласының жетекші кәсіпорындары қатысуда.

 ҚР Индустрия және жаңа технология министрлiгi Атом энергетикасы жөнiндегi комитет төрағасы Тимур Жантикиннің айтуынша, көрме атом өнеркәсібінің, энергетика және соған жақын сала мамандарының әріптестігін нығайтуға септігін тигізетін сұхбат алаңы болмақ.

 Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, көрмеде әлемдік атом энергетикасы мен өнеркәсібінің жаңа жұмыстары қойылған. «Қазатомөнеркәсіп» ҰК» АҚ және «Росатом» ГКАЭ сынды  атом саласының алпауыттарынан басқа,  іс-шараға қазақстандық, ресейлік және шетелдік атомдық энергетика және өнеркәсіп компаниялары, олардың әріптестері - құрылғыларды, тауар және қызметті өндіруші кәсіпорындар,  Германиядан, Қазақстаннан, Ресейден, Өзбекстаннан, Украинадан барлығы 60-қа тарта компания келген.

 Сонымен қатар ұйымдастырушылар көрмеге қатысушылардың негізгі бөлігін отандық компаниялар құрайтындығын атап өтті, бұл дегеніміз экспонаттар санының 50 пайызы отандық деген сөз.

 Kazatomexpo 2012 көрмесі экспозицияларының негізі бағыты - атомдық энергияның минералдық-шикізат ресустары, құжаттаманың жұмысы, ғимараттар, АЭС-ты пайдалану және оның құрылғылары, радиоактивті жүктерді қаптау, тасымалдау, жеткізу және жерге көму, радиациялық қауіпсіздік және т.б.

 Форумды «Iteca» қазақстандық көрме компаниясы ITE (Ұлыбритания) компания тобымен бірлесе отырып ұйымдастырып отыр.

Соңғы жаңалықтар