Астанада алғаш рет құрылысы бітпеген нысандардың жәрмеңкесі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 сәуірде сағат 15:00-де елорда әкімдігі қалалық прокуратурамен бірлесіп құрылысы бітпеген нысандардың инвесторларға бағытталған жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты .
None
None

Шараның мақсаты - Астана қаласында құрылысы тоқтап қалған проблемалық нысандарды салып бітіру.

Жәрмеңкеде ұсынылатын нысандарға сегіз тұрғын үй кешені жатады:

1.  «Араби-2» ТК - Ж. Тархан және А. Жұбанов көшелерінің қиылысы;

2.  «Скай сити» ТК, Комсомольский тұрғын алабы;

3.  Қорғалжын тас жолы ауданындағы «Алға Самал» ТК;

4.  «Байтау» ТК ( «Black gold development» ЖШС)- Мәңгілік ел даңғылы;

5.  Сарыарқа және Абай даңғылдарының қиылысында орналасқан «Столичный-2» ТК;

6.  Қорғалжын тас жолы ауданындағы «Үміт береке» ТК;

7.  Қосшы кентінде (Ақмола облысының Целиноград ауданы) орналасқан «Әл баракат» компаниясының «Жайлау Сити» ТК;

8.  «Табысқұрылтай» ТК (Қосшы кенті, Ақмола облысының Целиноград ауданы);

Жәрмеңкеге «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, ҚР ИДМ Инвестициялар жөніндегі комитетінің, еліміздің бизнес қауымдастығының өкілдері, құрылыс ұйымдары қатысады деп күтілуде.

Ресми бөлімге арнайы жүргізуші тартылады. Осы ретте жәрмеңке туралы республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланатын болады.

Жәрмеңкеге даму келешегі зор құрылыс нысандарына қаржы құюға ниетті әлеуетті инвесторлар шақырылады. Әлеуетті сатып алушылар үшін төлқұжаттары бар нысандармен танысуға арналған материалдар дайындалды.

Жәрмеңке «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің әкімшілік ғимаратында өтеді.

Соңғы жаңалықтар