Астанада апта сайын өтетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанаға өңірлерден келетін тауар өндірушілердің ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкелерінің маусымы басталды. Олар 29 қазанға дейін әр сенбі мен жексенбі күндері өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
None

Елордада алғаш болып Түркістан облысының аграршылары өз өнімдерін ұсынды. Жәрмеңкеге 70-ке жуық ауыл шаруашылығы өндірушісі келді, олар 556 тонна өнім әкелді.

Айта кетерлігі, жәрмеңкеде ет және ет өнімдері, көкөністер, жемістер, сүт өнімдері (оның ішінде қымыз және шұбат), бақша, бал, жеміс шырындары мен консервіленген өнімдер, балық, жұмыртқа және нан-тоқаш өнімдері ұсынылады.

Барлық өнімдер нарықтық бағадан төмен бағамен сатылады.

Биыл ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу орны өзгерді. Былтыр ол «Астана-Арена» (Тұран даңғылы, 48) алдындағы автотұрақта өткізілсе, биыл жәрмеңкені өткізу орны Тәуелсіздік даңғылы, 50 мекенжайындағы ҚазҰӨУ (Шабыт) алдындағы алаңға көшірілді.


Соңғы жаңалықтар