Астанада ардагерлерге геронтологиялық көмек көрсеті мәселелері талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласындағы «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне медициналық қызметтер көрсетудің жай-жапсары талқыланды. Жиын барысында еліміздегі ардагерлерінің өмір сүру жағдайына қатысты жасалған зерттеулер нәтижесі жарияланып, соның ішінде ардагерлердің медициналық қамсыздандыру, әлеуметтік қорғалу мәселелері талқыланды.
None
None

Айта кетерлігі, «Ардагерлерді ардақтайық» атты партиялық жоба аясында былтырғы жылы 5,4 мың Ұлы Отан соғысы ардагерінің жағдайы тексеріліп, соның арқасында 10 мыңнан астам мәселелер партиялық бақылауға алынған болатын. Бұл жұмыс биыл да жалғасын табуда.

Жобаға жетекшілік ететін Мәжіліс депутаты Надежда Петухованың айтуынша, биылғы жылы да аталған партиялық жоба аясында 5 мыңнан астам ардагер тексеруден өткен, медициналық қамсыздандыру бойынша бірқатар мәселелер тағы да партиялық бақылауға қойылып отыр.

«Ардагерлер ең бірінші кезекте елімізде геронтологиялық (кәрілікке қарсы) көмектің дамымағанын, яғни қарт адамдарға көмектің кемшілдігін алға тартады. Негізінде ардагерлер бұлар - терапевт дәрігер ғана емес, психотерапевттің де, әлеуметтік қызметкердің де айрықша назар аударуын қажет ететін науқастардың ерекше санаты. Сондықтан да, емханаларда дәрігер-геронтологтар қызметі ашылып, олар егде адамдарға білікті медициналық көмек берсе игі. Өкінішке қарай, емханалардағы дәрігерлер жетіспеушілігі бұған қолбайлау болып отыр», - дейді депутат Надежда Петухова.

Соңғы жаңалықтар