12:04, 07 Сәуір 2017 | GMT +5
Астанада ашуланған адам 13-қабаттан шкафты лақтырып жіберді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Отбасыдағы кикілжің кесірінен ер адам ашу үстінде 13-қабаттан кітап салғыш шкафты лақтырып жіберген. Абырой болғанда ешкім жардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

ІІД жедел басқару орталығына хабарласқан Астана қаласының тұрғыны С. Сейфуллин көшесіндегі №8 көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен шкафты лақтырған бейтаныс азаматқа қатысты шара қолдануды сұраған.
Астана қаласының ІІБ Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері пәтерлерді аралау барысында шкафты 1976 жылғы қала тұрғыны отбасындағы жанжалдан кейін ашу қысқан күйде 13-қабаттағы балконнан шкафты лақтырып жібергені анықталды. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.
Астана қаласының ауданаралық мамандандырылған әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1-тармағымен «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік хаттаманы тіркеп, С. есімді азаматқа 22 690 теңге (10 АЕК) көлемінде айыппұл салды.