Астанада асылып өлген қатардағы жауынгердің жеке заттарының арасында өлім алдындағы хат табылмады - ҚР ІІМ
АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Тергеу комитетінің әскери-тергеу басқармасы 5570 әскери бөлімінде жедел қызметтегі әскери қызметші Е.Қажыкеновтің өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша түсініктеме берді.
Осы жылдың 4 сәуір күні сағат 09.40-та Астана қаласы Орынбор және Т.Хусейн көшелерінің қиылысындағы орман алқабында асулы күйінде 5570 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген әскери қызметші Е.Қажыкеновтің мәйіті табылды.
Оқиға орнына тез арада ҚР ІІМ Орталық аймақтық әскери-тергеу басқармасының шұғыл тергеу тобы келіп жетті.
Оқиға орнын тексеру, мәйітті, дене зақымдарын қарау жүргізілді, мойнындағы странгуляциялық ізден басқа ештеңе табылмады.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды, қатардағы жауынгер қызметін өтеп жүрген рота жеке құрамында сұрау жүргізілді. Қайтыс болғанның жеке заттары тексеріліп, өлер алды хаты табылмады. Қазіргі уақытта тексеру жалғасуда.