11:38, 09 Қараша 2025 | GMT +5
Астанада ауа райына байланысты әуе рейстері кешігіп жатыр
АCТАНА. KAZINFORM – Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайында рейстер кешігіп жатыр.
Онлайн ұшу тақтасындағы мәлімет бойынша, кешіктірілген рейстердің қатарында ішкі рейстер де бар. Мысалы, Өскемен, Қызылорда және Атыраудан келетін рейстер кешіккен.
Air Astana компаниясы да бірнеше рейстің кешіктірілгенін хабарлады. Компания Астанадан ұшатын рейстердің ауа райына байланысты кейінге қалдырылып жатқанын атап өтті.
Жолаушыларға әуежайға аттанар алдында әуе компаниясының ресми сайтындағы рейс туралы ақпаратты оқу ұсынылады.
Бұған дейін Алматы халықаралық әуежайында қолайсыз ауа райы салдарынан ұшу кестесі бұзылып жатқанын жазған болатынбыз.