Астанада Ауғанстан мәселесі бойынша Халықаралық байланыс тобының отырысы аяқталды

ТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Ауғанстан мәселесі бойынша Халықаралық байланыс тобының отырысы достық, әрі ашық жағдайда өтті», - деп мәлімдеді бүгін Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов осы жиынның қорытындысына байланысты журналистермен өткен баспасөз мәслихатында.
None
None

Министрдің айтуынша, отырыс барысында Ауғанстан мен оның айналасында болып жатқан оқиғаларға байланысты кең ауқымды мәселелер талқыланған. «Мәжіліс сөз жоқ жоғары деңгейде өтті. Ауғанстан мәселесі уақыт өткен сайын халықаралық қауымдастықтың назарын аударып барады. Ал Қазақстан Орталық Азиядағы мемлекет ретінде және ауған елімен жақын орналасқан ел ретінде Ауғанстан проблемаларының шешілуіне үлкен маңыз беріп отыр. Біз бұл елге халықаралық деңгейде көмек көрсетіп келеміз. Біз алдағы уақытта да бұл елмен экономикалық байланыстарды нығайтуға бейілміз. Біз сонымен қатар Ауғанстанды экономикалық жағынан қалпына келтіру және осы елде саяси тұрақтылық орнату жөніндегі бастамаларды қос қолдап тұрып қолдаймыз»,-деді министр.

Оның сөзінше, бүгінгі жиын барысында тараптар бірқатар келісімдер жасаған. «Бұл келісімдер алдағы уақытта болатын Бонн конференциясында талқылануы тиіс басты мәселелердің бірі болады»,-деді Е.Қазыханов.

Соңғы жаңалықтар