Астанада «Ауыл» партиясының жастар қанаты «Біз есірткіге қарсымыз» тақырыбында акция ұйымдастырды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының жастар қанаты «Біз есірткіге қарсымыз» тақырыбында акция ұйымдастырды, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметінен.
None
None

Іс-шараның мақсаты жастардың назарын ғасыр дерті - есірткінің келтірер залалдарына аудару. Жаман әдеттің әрбір адамның келешегіне балта шабатынын түсіндіру әрі салауатты өмір салтын насихаттау.

Шараға жағымсыз теріс әдеттерге тез еліктегіш, солқылдақ кезең 16-29 жас аралығындағы жастар қатысты.

Сонымен қатар салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары мен «Ауыл» партиясының республикалық қоғамдық штабының өкілдері қатысты.

Есірткінің кесірі және оның адамның жүйке жүйесіне тигізер зардабы туралы Астана қаласының медициналық-әлеуметтік оңалту орталығының дәрігер-наркологы толыққанды айтып берді.

Депутаттыққа үміткер Толымбек Ғабділәшімовтің айтуынша, отбасы құндылықтарын сақтап, оны жаңғырту маңызды. Әрбір отбасындағы тұрақтылық пен татулық ондағы баланың дамуына да оң әсерін береді. Себебі бала ұяда көргенін ұшқанда іледі. «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасында отбасы құндылықтарын жаңғырту мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Сонымен қатар бағдарламада салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлттың саулығын қамтамасыз ету мәселесі де назардан тыс қалмаған.

Іс шаралардың қорытындысында есірткіге деген төзбеушілк сезімін білдіру мақсатында жастар аспанға әуе шарларын жіберді.

2 3 4

Соңғы жаңалықтар