22:19, 21 Ақпан 2025 | GMT +5
Астанада автобус бағанаға соғылып, жолаушылар жарақат алды
АСТАНА. KAZINFORM- Жол-көлік оқиғасы Астанадағы Бараев көшесінде болған.

- Бүгін Бараев көшесімен Қабанбай батыр даңғылына қарай келе жатқан маршруттық автобустың жүргізушісі көлікті басқара алмай жол жиегінде тұрған бағанаға соғылған. Оқиға болған кезде автобуста 25-ке жуық жолаушы болған. Жол - көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен бірнеше жолаушы жарақат алып, қажетті көмек көрсету үшін медициналық мекемеге жеткізілді, - деп хабарлады елордалық Полиция департаменті.
Полиция атап өткендей, тексеру жүргізіліп жатыр. Апаттың мән-жайы мен себебі анықталады.
Астанада жоқ үйлерді жалға беріп келген алаяқ әйел ұсталғанын жазған болатынбыз.