Астанада автобус өртенді, зардап шеккендер жоқ - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада №43 маршруттық автобуста өрт шықты, зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ТЖД баспасөз хатшысы Аягөз Фазылова хабарлады.

Астанада автобус өртенді, зардап шеккендер жоқ - ВИДЕО

Оның айтуынша, 16 маусым күні сағат 14:16-да пультке полиция бекетінің жанындағы Қарқаралы тас жолында автобус өртеніп жатыр деген хабарлама түскен.

«Оқиға орнына елордалық өртке қарсы қызмет қызметкерлері 10 минутта жетті. Жалын № 43 маршруттың МАЗ маркалы қозғалтқышында электр сымының қысқа тұйықталуы салдарынан шыққан. Екі бірлік техника мен жеке құрамнан 13 адам тартылды, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», - деді ол.

Өртті ауыздықтау видеосы Youtube-ге жарияланды.