Астанада автокөлік көше ортасында аударылып қалды

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада жол ортасында жеңіл автокөлік аударылып қалды. 

жол-көлік оқиғасы
Фото: Әлеуметтік желіден алынған фото

«Көлік жүргізушісі әуежай жағынан Ә.Кекілбаев көшесінің қиылысында келе жатып, алдынан тоқтаған көлікпен соқтығыспау үшін рульді күрт бұрған. Салдарынан көлік аударылып қалған. Зардап шеккендер жоқ», - делінген ақпаратта. 

Астана қаласының Полиция департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерге жолда мұқият болуды, жылдамдық пен арақашықтық режимін қатаң сақтауды ескертеді. 

Бұған дейін Астана әуежайынан ұшатын 7 рейс және ұшып келетін 8 рейс тоқтатылғаны туралы хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар