Астанада автомобиль шиналарын өңдейтін зауыт ашылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Инновациялық жобаның ашылуына қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов қатысты.
Құны 8 млн. АҚШ долларын құраған зауыттың өндірістік қуаты 20 мың тонна өнім шығаруға бейімделген. Кешен көлемі, қуаты мен өнімділігі жағынан әлемдегі төрт зауыттың бірі. Ал Орталық Азия аймағында оған теңдес өндіріс жоқ. Германия технологиялары қолданылған жобаны Қазақстан даму банкі қаржыландырды.
Өңделген резеңке үгінділері негізінен жол құрылысына қолданылады. Бұл жол төсендісінің сапасын екі есеге дейін арттырып, оның қолданыс мерзімін ұзартады. Қазіргі уақытта Астанада 500 метрлік екі жол учаскесі осы технологиямен төселді.
Сонымен қатар, зауытта қалдықтардан қаланың инфрақұрылымына қажетті өнімдер, атап айтқанда резеңкелі жол үсті белгілері, жаяу жүргіншілер жолдарының жабындысы, теміржол құрылысына, спорт, балалар алаңы, жол жиектемелері және құдықтардың қақпақтары шығарылатын болады.
«Бұл жаңа технологиялы кешен қалдықтарды қайта өңдеуге бағытталған. Ол біріншіден қаланың экологиялық ахуалын оңалтуға атсалысады. Мұнда күніне 1,5 мың автомобиль шиналары әкелінеді. Бұрын бұл қалдықтар экологиялық проблема болып табылатын. Екіншіден, қосымша жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, қалалық бюджетке салықтық кірістер әкеледі», деді қала әкімі. И.Тасмағамбетов.