Елордада автосервис өртенді

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін таңертең елордалық өрт сөндірушілер Астананың Сарыарқа ауданында орналасқан автосервистегі тілсіз жаумен арпалысты. 

от
Фото: ТЖМ

Нақтыланған мәлімет бойынша, шина монтаждауға жабдықталған контейнердің ішінде жабдықтар, ішкі қаптама және резеңке-техникалық бұйымдар жанған.

Өрт сөндірушілер оттан сыйымдылығы 50 литр болатын 2 оттегі баллонын қауіпсіз аймаққа шығарды.

от
Фото: ТЖМ

Жалын 25 шаршы метр аумақты шарпыған.  

Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің себебі анықталып жатыр.  

Соңғы жаңалықтар