Астанада әйел жүргізушілердің қатысуымен жол апаты болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында 3 шетелдік маркадағы «Toyota camry 40», «Мерседес» және «Toyota camry 20» автокөліктері соқтығысты.

Астанада әйел жүргізушілердің қатысуымен жол апаты болды

Есілдің сол жағалауындағы Сауран және Алматы көшелерінің қиылысында орын алған жол-көлік оқиғасына тап болған жүргізушілердің  екеуі әйел. Сонымен қатар, бір көлікте жүргізуші әйелден бөлек екі жас бала да болған. Бұл туралы Астана қаласы Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінен хабарланды. 

«Жедел жәрдем оқиға орнына бірден жетті. Қатты тиген соққыдан  «Toyota camry 20» көлігінде жолаушы артқы орындықта қысылып қалған.  Жедел жәрдем зардап шеккен әйелді зембілмен әкетті», - делінген баспасөз баянында.

Ақпаратқа қарағанда, жол-көлік оқиғасы салдарынан аздап қорқып қалғандар болмаса, басқа ешкім зардап шекпеген.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, жол-көлік оқиғасына «Toyota 40» көлігін басқарған әйел-жүргізуші кінәлі. Ол қозғалыс барысында басқалардың өтуіне жол бермеген, салдарынан үш көлік бірден соқтығысқан. Дегенмен, нақты кінәліні жол полициясы анықтайтын болады.