Астанада әйелдердің мемлекеттік іске қатысу құқықтарын іске асыруға арналған тиімді тәсілдерін іздеуге бағытталған семинар-тренинг өтеді

АЛМАТЫ. 14 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Астанада 16 қараша күні «Әйелдердің саяси құқықтары" жобасы бойынша әйелдердің мемлекеттік іске қатысу құқықтарын іске асыруға арналған тиімді тәсілдерін іздеуге бағытталған семинар-тренинг болады.
None
None

Оны «Қазақстанда парламентшілікті дамыту қоры» қоғамдық қоры Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің көмегімен ұйымдастырып отыр. Бұл қоғамда әйелдердің рөлін арттыруға жәрдемдесу жөніндегі шағын гранттар бағдарламасы аясындағы алғашқы шара болмақ. Алдағы уақытта ол Қазақстанның тағы 3 өңірінде ұйымдастырылғалы отыр. Жобаның мақсаты - әйелдерді мемлекеттік іске қатыстыру және әлеуметтік, саяси, заң шығарушылық пен кәсіби салада шешім қабылдау процестеріне қатысуын арттыру.

Соңғы жаңалықтар