Астанада әйелі сотталған күйеуіне патрон өткізуге тырысқан

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Астанада күйеуіне кездесуге келген әйелден Макаров тапаншасының 17 патронын тәркіледі, деп хабарлады ҚР Ұлттық гвардиясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА.

Астанада әйелі сотталған күйеуіне патрон өткізуге тырысқан

1 наурызда ЕЦ-166/10 мекемесінде 6636-әскери бөлімінің бақылаушысы З. Бексаринова күйеуіне кездесуге келген әйелін тексеру барысында 9 мм калибрлі 17 патрон тәркіледі. Оқиға орнына жедел тергеу тобы келді.

Оның күйеуі колонияда қарақшылығы үшін жазасын өтеуде. Түрлі бап бойынша 9 жылға сотталған. Оның ішінде қаруды, оқ-дәрілері, жарылғыш заттарды заңсыз сату, сатып алу, сақтау, өткізу, тасымалдауды көздейтін 287-бап та бар. Жазасын өтеуші ҰҚТ құрамына кірді. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мән-жайды тергеу анықтайды. Сол күні осындай жағдай ОВ-156/3  (Өскемен қ) мекемесінде де орын алды. Сотталған ағасына кездесуге келген әйелді тексеру кезінде шұлығынан 12 000 теңге табылды.