Астанада «Аймақтағы әлеуметтік зерттеулерді ұйымдастыру» семинар-тренингі өтеді

АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат – 2009 жылғы ақпанның 20-сында «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институтының конференц-залында партия филиалдары идеология және қоғамдық-саяси жұмыстар бөлімдерінің меңгерушілері үшін «Аймақтағы әлеуметтік зерттеулерді ұйымдастыру» семинар-тренингі өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Нұр Отан» ХДП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Семинардың ұйымдастырушысы ретінде «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институты мен Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы.Семинардың мақсаты ? әлеуметтік зерттеулерді өткізу бойынша республикалық желі құру. Семинар барысында әлеуметтік сауалнамаларды ұйымдастырудың құралдарымен және өткізу сапасына бақылауды ұйымдастырумен таныстыратын далалық менеджерлердің тобы қалыптастырылатын болады.
Соңғы жаңалықтар