Астанада шолу дөңгелегінде өрт шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Нұра ауданында, Қорғалжын тас жолы бойында айналмалы шолу дөңгелегінде өрт шықты. 

Астанада айналмалы шолу дөңгелегінде өрт шықты
Фото: Kazinform

ТЖМ алғашқы бөлімшелері келген кезде өрттің дөңгелектің орталық бөлігіндегі электр қоректендіру қалқанында болғаны анықталды. Адамдарға және өрттің таралуына қауіп жоқ.

ТЖМ өрт сөндірушілері Vario портативті өрт сөндіру жүйесінің көмегімен өртті жедел түрде сөндірді.

Келушілер уақытылы эвакуацияланып, аттракционнан түсірілді. Шолу дөңгелегі штаттық режимде жұмысын қайта бастады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Айта кетейік, Батыс Қазақстанда жеті дала өрті тіркелген еді

Соңғы жаңалықтар