Астанада Әйтеке би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Әйтеке би көшесінің Қ. Мұхамедханов көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі аралағында жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмысын жүргізеді.

Астанада Әйтеке би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
Фото: Әділет Бірімқұлов/Kazinform

Астана әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты осы учаскедегі қозғалыс ішінара кезең-кезеңімен жабылатын болады.

Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бір бағытта ғана ұйымдастырылатын болады: 15-18 қыркүйек аралығында Қ. Мұхамедханов көшесінен Сығанақ көшесіне қарай, содан кейін 19-23 қыркүйек аралығында Сығанақ көшесінен Қ. Мұхамедханов көшесіне қарай.

— Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз, — делінген хабарламада. 

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Айта кетелік Астанада Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

Соңғы жаңалықтар