Астанада Азия -Тынық мұхиты аймағының Қоршаған ортаны қорғау және даму министрлерінің өңірлік конференциясы өтеді

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қыркүйектің 27-сі мен қазанның 2-сі аралығында Астанада Азия-Тынық мұхиты аймағының Қоршаған ортаны қорғау және даму министрлерінің өңірлік конференциясы өтеді.
None
None

Бұл жайлы бүгін Алматыда өтіп жатқан "Төмен көміртекті даму: стратегиялық тәсілдер және нақты шешімдер" деп аталатын ұлттық конференцияда айтылды.

"БҰҰ Даму бағдарламасы мен ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бірлескен жұмыстарының бірі - "Климаттың өзгеруі салдарын жұмсарту және оған бейімделуде Қазақстан Үкіметіне көмек" жобасы. Оның мақсаты - ғаламдық және аймақтық саясаттың басымдықтарын ескере отырып стратегиялық жоспарлау жүйесінде орнықты даму қағидаттарын нығайту құралдарымен Қазақстанның орнықты дамуға көшуін ілгерілетуде Үкіметке көмектесу. Орындаушы агенттік - Қоршаған ортаны қорға министрлігі. Ол Ауыл шаруашылығы, Қазақтық экология және климат ғылыми-зерттеу институты мен Қазгидрометпен бірге жүзеге асырылады", дейді жоба менеджері Салтанат Жәкенова. Оның айтуынша, "Климаттың өзгеруі салдарын жұмсарту және оған бейімделуде Қазақстан Үкіметіне көмек" жобасының негізгі 4 бағыты бар. Соның бірі - аймақтық ықпалдастықты күшейтуді қолдау. Бұл бағытта 2010 жылы Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің Қоршаған ортаны қорғау және даму министрлерінің, 2011 жылы Еуропа мен ТМД елдерінің Қоршаған орта үдерістері бойынша өңірлік конференциялары өткізілмекші.

Соңғы жаңалықтар