Астанада азық-түлік пен бірқатар қызметтердің бағасы өзгерді

АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Астанада желтоқсан айының қорытындысы бойынша азық-түліктер мен бірқатар қызметтердің бағасы өзгерді. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Статистика департаментінен хабарлады.
None
None

Желтоқсан айында қанттың бағасы 4,2%, өсімдік майы 0,3% төмендеді. Ал жемістер мен көкеністер 2,8%, жұмыртқа 2,7%, балық және теңіз өнімдері 2,1%, алкогольді сусындар мен темекі өнімдері 1,5%, сүт өнімдері 0,8%, нан және жарма өнімдері 0,6%, ет 0,5%, алкогольсыз сусындар 0,4% қымбаттады. «Нан және жарма өнімдері тобынан жарма 2,7%, макарон өнімдері 2,2%, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдері 0,7% қымбаттады. Көкөністер тобында қияр 16,4%, қызанақ 6,7%, қызылша, картоп 4,7%, басты пияз 4% жоғарылап, сәбіз 1,6%, ақ қауданды қырықкабат 0,9% арзандады»,- делінген ведомство хабарламасында. Сонымен қатар, телефондық и факсимильное жабдықтар 2,4%, тұрмыстық құралдар 1,9%, киім және аяқ киім 1,7%, фармацевтикалық өнім 1,3% қымбаттады. Қатты отынның бағасы 0,7% өсті. Айта кетейік, негізгі тұрғын үйді жалдау үшін накты жалға алу құны - 7,9%-ға , фотографтардың қызметі - 1,1%-ға, денсаулық сақтау - 0,8%-ға өсті. Қорыта айтқанда, азық-түлік тауарлары желтоқсанда 0,8%, азық-түлік емес тауарлар 1,2%, ақылы қызметтер 0,3% қымбаттады.

Соңғы жаңалықтар