Астанада «Бақорда» кітабы таныстырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада қаланың 20 жылдық мерейтойына арналған «Бақорда» кітабының таныстырылымы өтті. Кітап «Егемен Қазақстан» кітапханасы сериясымен жарық көрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Ел газеті «Егемен Қазақстан» да биылғы жылдың ең елеулі оқиғасы Астананың 20 жылдығына үлкен тартумен келіп отыр. Астанаға байланысты көптеген дүниелер жазылып жатыр. Өздеріңіз байқап отырсыздар маусым айының басынан бері қаламыздың мерейтойына тұрақты түрде бірнеше бет  арнап, Астана күніне, Астана айшықтарына байланысты көптеген мақала беріп келеміз», - деді кітаптың таныстырылымында «Егемен Қазақстан» газетінің басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі.

nullОның айтуынша, өткен жылы елорданың 20 жылдық мерейтойына орай «Бақорда» деп аталатын кітап шығару ісі қолға алынған.

null«Бұл кітап егеменнің тілшілерінің, шолушыларының күшімен шықты. Көркем безендірілген. Бұл да біздің, бас басылымның елордаға тартуы деп біліңіздер. «Бақорданың» «бақ»-ы бір жағынан бұқаралық ақпарат құралдары дегенді білдіреді. Екіншіден Астана шынымен де біздің бақордамызға айналып отыр», - деді ол.

nullЕлбасы есімімен егіз аталатын елорда өміріне арналған бұл кітап жалпыұлттық республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген әртүрлі жанрдағы мақалалардан құралған. Басылым тілшілері мұнда «Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі» атанған Астананың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани келбеті төңірегінде ой толғайды. Кітап таралымы - 1000 дана.

Соңғы жаңалықтар
Референдум