Астанада балабақша қызметкерлеріне 1 млрд теңге жалақы қарызы төленді
АСТАНА. KAZINFORM — Астанадағы мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлеріне 1 млрд теңге жалақы қарызы төленді

Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы мен өзге де әлеуметтік аударымдарды уақтылы төлеу мәселелері бойынша еңбек заңнамасының сақталу жай-күйіне талдау жүргізді.
— Талдау нәтижесінде қаладағы мектепке дейінгі ұйымдардың 2 100 қызметкеріне еңбекақы төлемеу, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік салықтар мен медициналық сақтандыру төлемдерін аудармау деректері анықталды.
Қадағалау актісін қарау нәтижесінде 1 млрд теңге мөлшеріндегі еңбекақы бойынша берешек толық өтелді, — делінген Астана қаласының прокуратурасы хабарламасында
Жол берген бұзушылықтар үшін лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Айта кетелік Үкімет ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру идеясынан бас тартқан еді.