Астанада балабақша мен тұрғын үй кешенінде өртке қарсы оқу-жаттығу өтеді
АСТАНА. KAZINFORM — Елордадағы балабақша мен тұрғын үй кешеніне арнайы техника жұмылдырылады, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
2026 жылғы 13 қарашада сағат 10:00-де А. Байтұрсынұлы көшесі, 41/1 мекенжайында орналасқан «Қарлығаш» балабақшасында, сондай-ақ Қабанбай батыр даңғылы, 46Б мекенжайындағы «Зима-3» тұрғын үй кешенінде өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өткізіледі.
Оқу-жаттығуларға Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы мен арнайы техникасы жұмылдырылады.
— Осыған байланысты Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен қала қонақтарын сабыр сақтауға, оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауға және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауға шақырады, — делінген хабарламада.
Осыдан бұрын Астанада 13 қарашада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтетінін жазғанбыз.