Астанада балалар мекемелерінің маңындағы жолдарға қызыл жолақ төселді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада  балалар мекемелерінің маңындағы жолдардың апатқа қауіпті учаскелерінде сырғанауға кедергісі бар қызыл жолақтар төселді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана ІІД жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Қызыл жолақтар автомобильдің тежелу жолын үш есеге қысқартады. Әрі жолақтың түсі білім беру мекемелерінің маңында жылдамдықты бәсеңдету қажеттігін жүргізушінің есіне салып тұрады.

Мұндай жерлерде көліктің жылдамдығын 40 км/с-қа дейін азайту қажет. Яғни, сызық жүргін бөлікте қырағы болу қажеттігін ескертетін «Назар аударыңыз! Балалар!» ақпараттық тақтасының әрекетін қайталайды. Айта кетейік, ақпараттық тақта жылдамдықты 40 км/с-қа дейін қысқартуға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар