Астанада балалардың қатысуымен болатын ЖКО санын азайтуға қол жеткізілді
АСТАНА. 10 ақпан. ҚазАқпарат - Елордада ақпанның 7-сі мен 9-ы аралығында жол көлік оқиғасынан жарақат алудың алдын алу мақсатында қала аумағында «Қауіпсіздік белдігі» республикалық іс-шарасы өткізілді. Аталған іс-шараны өткізу кезеңінде жол полициясының жеке құрамы күшейтілген режимде жұмыс істеді, деп хабарлады елорданың ресми сайтынан.
«Қауіпсіздік белдігі» профилактикалық іс-шарасы жүргізушілер мен балалардың және олардың ата-аналарының назарын автомобиль жүргізген кезде қауіпсіздік белдігін міндетті түрде тағып, балаларды алып жүрген кезде де оны ұстату құрылығысы ретінде орнату керектігіне аудартуды көздейді. Автомобиль қауіпсіздік белдігі жүргізуші мен жолаушының жол көлік оқиғасы кезінде жарақат алуын бірден-бір азайтатын негізгі құрылғы болып табылады.
Астана қаласының ІІД Жол полициясы қызметкерлері, әсіресе, ЖҚЕ өрескел бұзатын, көлік жүргізіп келе жатып ұялы телефонмен сөйлесетін, көліктерінің әйнектері көлеңкеленген жүргізушілерге баса көңіл бөледі. Профилактикалық іс-шара кезінде жол қозғалысына қатысушыларға қауіпсіздік белдігінің пайдасы, оның жол көлік оқиғасы жағдайында адам өмірін құтқару мүмкіндіктері жазылған жадынамалар таратылды.
«Қауіпсіздік белдігі» профилактикалық іс-шарасының тек екі күні ішінде 1290 ЖҚЕ бұзу анықталса, оның 406-сы қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін сақтамау, 109-ы көлік жүргізу кезінде ұялы телефонмен сөйлесу болып табылады. ЖҚЕ бұзған жаяу жүргіншілерге қатысты 133 хаттама толтырылып, жүргізушілер жол бойына қоқыс тастаған 64 факті, мас күйінде көлік жүргізген 11 факті анықталды.
Мұндай профилактикалық іс-шараларды өткізу жол-көлік оқиғасы санын азайтуға мүмкіндік туғызады. Биылғы жылы балалардың қатысымен болатын ЖКО санын 16,7%, жаяу жүргіншілердің қатысымен болатын ЖКО санын 14,3% төмендетуге қол жеткізілді.