Астанада балаларға қатысты зорлық проблемаларын зерттеуге арналған іс-шаралар өтті

АСТАНА. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумның шеңберінде қыркүйектің 2-6-сы аралығында Астанада балаларға қатысты зорлық жасау проблемаларын зерделеуге бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді, деп хабарлады құқық қорғаушы ведомствоның баспасөз қызметінен.
None
None

Аталған іс-шаралар «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметi мен сот жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жазалардың кейбір түрлерін ізгілендіру, сондай-ақ Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарын білім беру жүйесінің қарамағына беру туралы баптарын орындау мақсатында өткізілді.

Қазақстанда балаларға қатысты зорлық жасау проблемалары туралы талдама есепті әзірлеу үшін әйелдер мен балаларға қатысты зорлық жасау, балаларды сату мен қанау, қылмыстың құрбандарына көмек көрсету, балаларды қорғау жүйесі, сот әділдігі жүйесіне қолжетімділік проблемалары бойынша мол жұмыс тәжірибесі бар ЮНИСЕФ халықаралық сарапшысы, Шығыс Кентукки университетінің профессоры Робин Хаарр ханым шақырылды.

Жоспарланған іс-шаралар шеңберінде бейінді министрліктердің басшылықтарымен кездесулер өткізілді, Астана қаласының балалар мекемелеріне - Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығы мен Мамандандырылған балалар үйіне сапар жасалынды, балаларға қарсы зорлық жасау жағдайының алдын алу мен оңтайландыру жөнінде мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес секторға арнап семинар өткізілді.

Семинардың қатысушылары әлемдегі балаларға қатысты зорлықтың бар болуының халықаралық стандарттары мен тәжірибесімен танысуға мүмкіндік алды, сондай-ақ Қазақстанда бұл проблеманы шешу бойынша тиісті әдістеменің әзірленуі талқыланды.

Соңғы жаңалықтар