Астанада Бараев көшесі жабылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жөндеу жұмыстарына байланысты Астана қаласындағы Бараев көшесі уақытша жабылады, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

Астанада Бараев көшесі жабылады

Хабарламада «Бараев көшесі бойында орналасқан «Есіл» өзені көпіріндегі асфальтбетон жабындысын жүргізу және жөндеу жұмыстарына байланысты ағымдағы жылдың 25 мамыры күні сағат 21.00-ден 26 мамыр күнгі сағат 06.30 аралығында көлік құралдарының қозғалысы тоқтатылады», - делінген.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына жүретін бағыттарын алдын ала жоспарлап алуларына кеңес беріледі.