Астанада байкердің қатысуымен орын алған жол апаты тергелуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада байкердің қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғасына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Бұл туралы Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
«Ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінде, сағат шамамен 23,30-да «Хонда» маркалы мотоцикілін мінген 1991 жылы дүниеге келген азамат Бауыржан Момышұлы даңғылында белгіленген орыннан өткен жаяу жүргіншіні қағып кетті», - делінген хабарламада.
Жол-көлік апаты салдарынан 1988 жылы дүниеге келген жаяу жүргінші мен «Хонда» мотоцикілінің 1992 жылы дүниеге келген жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткіліп, мотоцикл жүргізушісі дәрігерлер қарағаннан кейін үйіне жіберілді.
Астана қалалық ІІД Тергеу басқармасы аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Жол-көлік оқиғасына қатысы бар барлық азаматтарға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар сәйкесінше сараптамалар тағайындалды.