Астанада белсенді жастар шашылып жатқа қоқысты жауапты компанияның кеңсесіне апарды

АСТАНА. KAZINFORM - Ресми мәліметтерге сәйкес, Астанада заңсыз қоқыс тастауды бақылау күшейді. Осы жылы елордадағы бес ауданда 45 мың тоннаға жуық қалдық жойылды деп хабарлайды әкімдік сайты.

белсенду жастар
Фото: видеодан алынған скрин

Десек те, ахуал өзгермей отыр. Танымал мысалдардың бірі — Ұлы Дала мен Тұран даңғылдарының қиылысындағы қоқыс алаңы.

8,6 гектарға дейін созылған және спутниктен де көрінетін қоқыс алаңы ұзақ уақыт бойы құрылыс компаниясының тарапынан тиісті назарсыз қалған. Бірнеше ай бойы белсенділер рейд өткізіп, бейнежазбаға түсіріп, қоқысты осы аумаққа тасымалдаған КАМАЗ көліктерінің жүргізушілерімен сөйлесті және жергілікті тұрғындармен әңгімелесіп, жағдайды құжаттап отырды.

Осы аумақ үшін жауапкершілік «Нұр Астана Құрылыс» компаниясына тиесілі. Экологияны сақтау, заманауи тәсіл және қала тұрғындарының жайлылығы туралы жария ұстанымдарына қарамастан, компанияның құрылыс нысандары қоқыс үйінділерімен қатар орналасуы жиіледі.

Белсенділер компанияның ұстанымдары мен жауапкершілігін еске салуды ұйғарды. Бірнеше ондаған қатысушы рұқсат етілмеген қоқыс алаңынан шыққан қалдықтарды компания кеңсесіне жеткізді.

- Қоқыс жеткізілім форматында — велосипедпен, «NAK-тың қоқысы — NAK кеңсесіне. Өз қоқыс алаңдарыңды өздерің тазалаңдар!» деген үндеуі бар, безендірілген сөмкелермен жеткізілді. Осы әрекет арқылы белсенділер мәселені елемеу оның тікелей өзіңе оралуына әкелетінін көрсетті. Қалаға деген құрмет — өз әрекеттеріңнің салдары үшін жауапкершілік алудан басталады, - делінген хабарламада.

Қоқысты жеткізу барысында және «Нұр Астана Құрылыс» холдингінің басқарушысы Серікжан Мұхтаровпен сөйлесу кезінде белсенділерді құқық қорғау органдарының қызметкерлері мән-жайды анықтау үшін ұстады. Соған қарамастан, белсенділер қоғамның ұстанымын жеткізіп, компаниядан нақты жауап ала алды — қоқыс алаңын жою 2025 жылдың қазанына жоспарланды.

Осыған дейін Қазақстанда тұрмыстық қоқыстың 25%-ы қайта өңделетіні туралы жаздық. 

 

Соңғы жаңалықтар