Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында этномәдени бірлестіктердің ашық есік күні өтті

ТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында «Келісім» ұлттық бірлік мерекесіне орай, этномәдени бірлестіктердің ашық есік күні өтті.
None
None

Астана қаласының Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен шара барысында Бейбітшілік және келісім сарайында экскурсия және «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл - бейбітшілік пен келісімге 20 жыл» атты дөңгелек үстел жұмысы өткізілді. Сонымен қатар шара қатысушылары этномәдени бірлестіктердің кеңселерін аралап, Қазақстандағы ұлыстардың ұлттық тағамдарының таныстырылымында болды.

Ашық есік күніне ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

«Тәуелсiздiктiң 20 жасқа толу мерейтойының тарихы - бұл тұрақтылық, достық және Қазақстан халқының келiсiмiнiң тарихы. Осы жылдар ішінде біздің елде этносаралық және конфессияаралық теңдiктің тиiмдi құқықтық базасы жасалған. Ең маңызды қадам ұлттық бiрлiк доктринасының қабылдануы болды. Бiздiң елде конституциялық мәртебеге ие болған Қазақстан халқы ассамблеясы ұлтаралық татулықтың негiзгi институтына айналды», - дейді Украина этномәдени бірлестігінің төрағасы Тамара Шиннер.

Ассамблеяның құрамына 820 этномәдени бiрлестіктері кiредi. Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында этномәдени орталықтар үшiн барлық жағдайлар жасалған.

Соңғы жаңалықтар