Астанада бейнекамераның көмегімен көлік айдаушылар ұсталды

АСТАНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат - Астаналық департаменттің жедел басқару орталығы елордадағы жағдайды тәулік бойы бақылап отырады.

Астанада бейнекамераның көмегімен көлік айдаушылар ұсталды

Қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, қазіргі уақытта елордада 649 камера бар, олар адамдардың көп баратын жерлерін және қиылыстардағы жағдайды бақылауға септігін тигізеді. Сондай-ақ бейнекамераның көмегімен қылмыстар «ізі суымай» ашылады.

Мәселен, Сарыарқа ауданының ІІБ-не Астана қаласының тұрғыны шағымданды. Оның айтуынша, белгісіз біреулер сауда үйінің жанында тұрақта тұрған «Тойота камри» көлігін ұрлап әкеткен.

Бейнекамераның көмегімен полиция қызметкерлері көлік ұрлаумен айналысқан адамдарды анықтады. Олар 1989 және 1991 жылғы Астана қаласының екі тұрғыны болып шықты. ҚР ҚК-нің 175 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар Астана қаласы ІІД-нің уақытша оқшаулау абақтысына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.