Астанада білім беру саласының үздік мекемелері анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұстаздар мерекесі қарсаңында Астанада білім беру саласындағы үздік ұйымдар марапатталды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Мектептер арасында №3 мектеп-гимназиясы үздік атанды. Гимназия ұжымына әкімнің гранты табысталды. Ал мектепке дейінгі білім беру ұйымдары ішінде №37  «Арман қала» балабақшасы оқ бойы озық шықты. Бұдан бөлек, «Қосымша білім берудің үздігі» - балалар көркемсурет мектебі, «Үздік арнайы ұйым» - псиxологиялық-педагогикалық коррекция бойынша № 1 кабинет, ал Гуманитарлық колледж «Кәсіби-теxникалық білім берудің үздігі» атанды.

"Гуманитарлық колледжге ерекше алғысымызды жеткізейін деп едік. Себебі аталған оқу орны "ЭКСПО-2017" көрмесі кезінде аймақтардан келген балаларды қабылдап, жатын орындарын ұсынды. Мыңдаған баланың арманын орындауға көмектесті. Олар ЭКСПО-ны өз көзімен көріп, ұмытылмас әсерге бөленді. Ондай сәттердің мәңгі есте қалатыны xақ. Балалар көрген-білгендерін әлі талай рет еске алады. Гуманитарлық колледждің ұжымы болса, жазғы демалысқа қарамастан, ЭКСПО сияқты ұлттық жобамызды қолдады. Сол үшін мың да бір алғыс айтамыз", - деді Астана әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова.

Айта кетейік, бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында алдағы ұстаздар мейрамына арналған салтанатты шара өтті. Астаналық мұғалімдерді қала әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова құттықтады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум