Астанада білім беру жүйесіндегі тұлғаны тәрбиелеу мәселесі жан-жақты талқыланбақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 5 желтоқсанда «Білім берудегі инновация: ізденіс және шешім» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді. Көнференцияны Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы өткізбек.

Астанада білім беру жүйесіндегі тұлғаны тәрбиелеу мәселесі жан-жақты талқыланбақ

Конференция аясында «Қазіргі заманғы талаптарға сәйкес білім мазмұнын жаңарту» халықаралық ғылыми-практикалық семинары өтеді.

Конференцияның мақсаты - білім берудегі инновация мәселелері бойынша зерттеушілер мен тәжірибелі мамандардың диалогын өткізуге арналған халықаралық форум құру. Дөңгелек үстел жұмысының барысында білім беру жүйесіндегі инновациялық үдерістері, мәдениетаралық қатынастардың субъектісі ретінде тұлғаны тәрбиелеу, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда дәстүрлер мен инновациялар, сонымен қатар жаһандану мен әлеуметтену контекстінде білім мазмұнын жаңарту, ХХІ ғасырдың ақпараттық талаптары мәселелері қарастырылады. Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, республикалық ведомстволық бағыныстағы ұйымдар, Облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының өкілдері, сонымен қатар барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының жетекшілері мен педагогтары, кадрларды қайта даярлау мен біліктілігін арттыру жүйесінің, қоғамдық және кәсіптік бірлестіктердің жетекшілері, отандық және шетелдік ғалымдар, Ұлыбритания, АҚШ, Ресей білім беру саласынының халықаралық сарапшылары қатысады. «Конференция қорытындысы бойынша қарар қабылданады. Барлық қатысушыларға қатысушы сертификаты мен материалдар жинағы тапсырылады», делінген хабарламада.