Астанада бір аптада 5 мыңнан астам жол қозғалысы ережелері бұзылды - ІІД

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, өткен аптада 5 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайы тіркелді, деп хабарлады astana.kz.

Астанада бір аптада 5 мыңнан астам жол қозғалысы ережелері бұзылды - ІІД

Жеті күннің ішінде тәртіп сақшылары жылдамдық режимін бұзудың 505 фактісін анықтаса, 400 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін ұсталды. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері басып озу және маневрлеу ережелерін бұзудың 156 жағдайының жолын кесті, жаяу жүргіншілер өткелінде адамдарға жол беру талабын орындамау мен жол-көлік апатын тудыруға байланысты 67 жағдай тіркелді. Сонымен қатар, көлікті мас күйінде басқарған 67 жүргізуші ұсталды. Тыйым салынған жерлерде жолды кесіп өткен 500 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.