Астанада бір топ мәдениет және спорт қайраткерлері марапатталды
Салтанатты шараны ашқан ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының атап өтуінше, Тәуелсіздік күнін мерекелеу еліміздің мемлекеттілігін нығайтып, тұрақтылығы мен бірлік-берекесін бекіте түседі. Шара барысында министр А.Мұхамедиұлы мәдениет және спорт саласының 34 қайраткеріне «Парасат» және «Құрмет» ордендерін, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын, «Ерен еңбегі үшін» медалін және «Құрмет» грамоталарын тапсырды. Марапатталғандардың ішінде есімдері елге белгілі театр және кино актері Фархат Әбдірайымов, композитор, шәмшітанушы Қалдыбек Құрманәлі, жазушы Абай Тыныбеков, «Astana Ballet» балетмейстері Айгүл Тәти, қоғам қайраткері, тіл жанашыры Асылы Осман, «Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабеков және басқалар бар.